Turk Kırgız Kazak hem Handar Wejiresi


Атамыз Адам пайғамбардан бері қарай атадан-атаға үзілмей жазылып келген шежіре ешбір жұртта жоқ. Адам пайғамбардан Нұх пайғамбарға шейін айтылған аталар – таурат сөзі, қай кітапта болса да сол таурат кітабынан алып жазған. Онан соңғы шежірелер біреуден-біреу естіп жүрген ертегі сықылды сөздерден шыққан. Оның ішінде кейбіреу білімді атану үшін, кейбіреу жақсы атаның нәсілі болмаққа, кейбіреу жаңылыс ұққанын өтірік яки қате айтылғаны көп болған. Мысалы, біздің қазақтың Ғакашә сахабаның нәсіліміз дегені сықылды сөздер. Бергі заманда шыққан білімділер сол ертегі сықылды сөздердің қисынына қарап, кісілерінің, жерлерінің атының мағынасына қарап және онан бергіректегі халықтың жайын әзірлегенде ескі заманда патшалы жұрт болған халықтардың ескі жазулары – ақша теңгедегі жазу һәм моланың басына қойған тастағы жазулардан қарап біліп және сөйлеген сөз, әдет-ғұрып, таңба белгілерінің ретіне қарап, қай ел қай елмен тұқымдас, қай уақытта, қай жерде жүргенін, кім деген ел атанып, қай ханға қарағанын анықтап тапқан соң, бұрынғы ертегі сықылды сөздердің көбі қате екені мағұлым болған.

      Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген,білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: «Тәбіри», «Тарих ғу-муми», «Тарих антшар аласлам», Нәжиб Ғасымбектің түрік тарихы, Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер, орысша кітаптан оқығаным – Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік нәсілі туралы, дүниедегі әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері, оның ішінде түріктің ең ескі замандағы шежіре кітаптары «Құдатқу білік», «Кошочи-дам» деген кітаптардың сөздері және қытайдың Юән-шау-Ми-ши деген жазушысының сөзі және араб-парсы, рум-европа жазушыларының сөзі және қазақтаң жаңылыс айтқан өтірік аталары – бәрі сол кітапта бар.

      Ол кітаптардағы сөздерді түгел жаза алмасам да, керектісін теріп алып, соған тура келген қазақтың ескі сөздерін қосып, бір шежіре жазамын. Ескіден қалған тиянақсыз ертегі сықылды ауыз сөз болмаса, мұнан бұрын біздің қазақ тіліменен шежіре жазылған жоқ.

                                                                                                                                               Wakarim Hudayberdiulu

Reklamlar

Bir Cevap Yazın

Aşağıya bilgilerinizi girin veya oturum açmak için bir simgeye tıklayın:

WordPress.com Logosu

WordPress.com hesabınızı kullanarak yorum yapıyorsunuz. Çıkış  Yap / Değiştir )

Twitter resmi

Twitter hesabınızı kullanarak yorum yapıyorsunuz. Çıkış  Yap / Değiştir )

Facebook fotoğrafı

Facebook hesabınızı kullanarak yorum yapıyorsunuz. Çıkış  Yap / Değiştir )

Google+ fotoğrafı

Google+ hesabınızı kullanarak yorum yapıyorsunuz. Çıkış  Yap / Değiştir )

Connecting to %s

%d blogcu bunu beğendi: